Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Астаналық 15 жұп «Бәйтеректе» некелерін қиды

2022 жылдың 14 мамыр 2022 16:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Осыған орай, елордада 15 жас жұбай «Бәйтерек» монументінің биігінде салтанатты түрде неке туралы куәліктерін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Өмірлеріңіздегі басты оқиға елорданың қақ ортасында – «Бәйтерек» монументінде болып отыр. Сіздерді осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын, бақыт пен амандық тілеймін!» – деді жас жұбайларға Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев.

Әкімдік мәліметіне сәйкес, қала жастарының көбі осы күнге орай әрі көктемнің шуақты мезгілінде некелерін заңдастыруға тырысады. Олардың арасында Есіл ауданының АХАТ-ына неке қиюға өтініш берген оқытушылар, дәрігерлер, студенттер, кәсіпкерлер және басқа да кәсіп өкілдері бар.

Статистика бойынша Қазақстанда некенің ең көп саны көктем мезгілінде тіркелетінін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев та атап өтті.




Есіл аудандық АХАТ бөлімінің басшысы Раушан Зарирова айтқандай, атаулы күндер некеге тұрғысы келетін қазақстандықтар арасында әрдайым сұранысқа ие.

«Бұл өмірде отбасы секілді маңызды ешнәрсе жоқ. Салт-дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек. Қоғамда жастардың ажырасқанын қаламаймыз. Сондықтан, отбасы институтын кеңінен насихаттауға тырысамыз. Қазіргі уақытта қалыңдық пен күйеу жігіттің орташа жасы – 28 жас. Жастарға махаббаттарын күшейтіп, балалы-шағалы болуды ғана тілейміз!» – дейді Раушан Зарирова.


















Айта кетсек, Ақмола облысында да жас отбасыларға неке қию туралы куәліктер салтанатты түрде табысталды.
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Жастар, Отбасы,
Жоғары қарай