Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астық тасымалына вагон жеткілікті - ҚТЖ

2020 жылдың 2 қазан 2020 18:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов еліміздегі астық тасымалы жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 айдың қорытындысы бойынша 6 млн 100 мың тонна тиедік. Наурыз-сәуір айларында карантиндік кезеңдегі шектеу шаралары салдарынан, өткен жылға қарағанда миллион тоннаға жуық төмендеді. Жалпы, жыл бойынша 10 млн 200 мың тонна деңгейінде жоспарлап отырмыз», - деп тоқталды Н. Келбұғанов әлеуметтік желіде онлайн режимде өткен талқылауда.

Сонымен қатар ол теміржол көлігімен астық экспортау мәселесіне тоқталды.

«Биыл 6,8 млн тонна экспортқа шығару жоспарланған. Бұл, теміржол көлігімен астық тасымалы бойынша өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Астық тасымалында жылжымалы құрамның дайындығы өте маңызды. Вагондар паркі былтырғы деңгейде қалып отыр, осы парк жоғарыда аталған көлемде тасымалдауға жеткілікті», - атқарушы директор.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: ҚТЖ, Ауыл шаруашылығы,
Жоғары қарай