Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Асылбек Қожахметов: Қоғамдық кеңес өкілдерін Ұлттық кеңестің жұмысына тарту керек

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 12:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Almaty Management University» президенті, қоғам қайраткері Асылбек Қожахметов аймақтық және салалық қоғамдық кеңес өкілдерін Ұлттық кеңестің жұмысына тарту керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтық қоғам партияларға қарағанда билікке ұмтылмайды. Азаматтық қоғам биліктің жұмысына бақылау жасай алатын болса, халықтың белсенділігі, өзін-өзі басқаруға деген ұмтылысы артар еді», - деді ол елордадағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы

Оның айтуынша, қоғамдық кеңестің жұмысындағы негізгі мәселелердің бірі – азаматтық қоғамды дамытуға жәрдемдесу.

«Шын мәнінде, бұл бағыт біздің ұлттық кеңестің атауында белгіленіп тұр. Азаматтық қоғам мен қоғамдық кеңестер бірін-бірі толықтырып тұруға негізделген құрылымдар. Сол уақытта біз қазақстандық қоғам әлдеқайда белсенді бола түседі. Мәселен, қазіргі уақытта министрліктер мен облыстық, аудандық әкімдіктер жанында 226 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Оның 75 пайызы азаматтық қоғам өкілдері. Өкініштісі, министрліктер мен әкімдіктерде құрылған қоғамдық кеңестер қызметінің мазмұны оларға жүктелген міндеттерге сай келе бермейді. Қоғамдық кеңестер өз әлеуетін толыққанды іске асыра алмай жатыр», - деді ол.

Асылбек Қожахметов өз сөзінде Ұлттық кеңес қоғамдық кеңестерді шоғырландырушы әрі ынталандырушы құрылым болғандықтан, оның құрылымын әлі де дамыта түсу керек деген пікір білдірді.

«Сондықтан, жергілікті және аймақтық қоғамдық кеңестерден сол өңірдегі әлеуметтік хал-ахуалды біліп отыру үшін ұлттық кеңеске қоғамдық сараптамалар керек. Осындай әрекеттер қоғамдық кеңес жұмысын жақсартудың бір жолы болар еді. Аймақтың және салалық қоғамдық кеңестің өкілдерін Ұлттық кеңестің жұмысына және жұмысшы топтарына тарту керек деп ойлаймын», - деді ол.


Жоғары қарай