Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атамекенді аялау азаматтық парызымыз - Қайрат Балабиев

2022 жылдың 19 қаңтар 2022 18:10

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінде елімізде орын алған қақтығыс салдарынан туындаған қиындықтарды еңсеру жолдары мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелерін және оларды шешудің бағыт-бағдарын айқындап берді, - дейді Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев.

«Ел экономикасын әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, құқық қорғау жүйесін түбегейлі реформалау, қаржы нарығын реттеу және ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік салалардың тиімділігін арттыру бойынша Президент көтерген мәселелердің барлығы – халықтың көкірегінде жүрген сауалдар. Әсіресе, Мемлекет басшысының «Қазақстан халқына» қоғамдық-әлеуметтік қорын құру туралы бастамасы көпшіліктің көңілінен шықты десек те болады. Бұл қор аз қамтылған, тұрмыс деңгейі төмен және сирек ауыратын балаларды өсіріп отырған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша нақты мәселелерді шешумен айналысатын болады» – дейді ол.

Сондай-ақ, елімізде утилизациялық алым жинау шаруасымен айналысып келген бірыңғай оператордың жұмысы тоқтатылды. Ендігі уақытта утилизациялық алымды жинау шет елдер секілді мемлекет қарауына өтіп, отандық машина жасаушыларға қолдау көрсетіледі. Утилизациялық алымнан түскен қаржы қоғамға тиімді жаратылатын болады, деп есептейді Қайрат Рахымұлы.

Сонымен қатар, Президентіміздің «Самұрық-Қазына» қорының қызметін толығымен трансформациялау жөніндегі тапсырмасы пысықталып жатқаны да оң өзгерістерге бастайтын қадам екендігін жеткізді. Атап айтқанда, ең алдымен, «Самұрық-Қазына» қорының тым көп басқару құрылымдарын қысқарту, мемлекет пен халық мүддесіне бағытталған табыстарды арттыру үшін «Самұрық-Қазына» мен Үкімет арасындағы өзара қатынастардың сипатын өзгерту, ресурстарды ел игілігіне бағыттау, ұлттық компаниялардың сатып алу жүйелерінің ашықтығын қамтамасыз ету және қордың активтерін жекешелендіру істерін жандандыру бойынша бүгінде Үкімет нақты ұсыныстар мен жүзеге асырылатын шараларды әзірлеуде.

«Қазақстан – біздің ортақ еліміз! Сондықтан да елімізге аянбай еңбек етіп, тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғаудың қажеттілігін бірде-бір сәт естен шығармауымыз қажет. «Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас» - деп, дана бабаларымыз айтқандай, жерімізден құт-береке қашпай, тәуелсіз Қазақстанның аспаны мәңгі бейбіт болуы үшін бірлігімізді мығымдап, еліміздің дамуына бар күш-жігерімізді салайық»-дейді ол.


Жоғары қарай