Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының жаңа орынбасарлары тағайындалды

2020 жылдың 6 тамыз 2020 13:40

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Атырау-Ақпарат» директорының бірінші орынбасары қызметіне Рауан Сәбитов, шығармашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары болып Серік Қабдолов тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Жаңа орынбасарларды ұжымға «Атырау-Ақпарат» басшысы Ысқақ Егембердиев таныстырып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Рауан Сәбитұлы 1985 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2010-2012 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін әлеуметтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Журналистика магистрі, журналистика және саясаттану факультетінің докторанты дәрежесі бар. Малайзия, Словакия, Оңтүстік Корея, Түркия елдерінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырған.

Еңбек жолын 2005 жылы республикалық «Ана тілі» газетінде тілші болып бастаған. 2008-2016 жылдары аралығында редактор-жүргізуші, бас редактордың орынбасары, бас редактор, «Қазақстан-Атырау» телеарнасы директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2017-2018 жылдары «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары лауазымында болған. Соңғы еңбек еткен орны - «Жайық Пресс» ЖШС директоры.

Серік Балтабайұлы 1972 жылы туған. Білімі - жоғары. Еңбек жолын 1993 жылы «Атырау» телерадиокомпаниясында оператор, тілші болып бастаған. 1997-2020 жылдары аралығында шолушы, меншікті тілші, продюсер, Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, бас редактор, бөлім басшысы сияқты түрлі лауазымда еңбек еткен. 2020 жылдан бүгінге дейін Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің басшысы қызметін атқарған.












Басты сөздер: Атырау облысы, Тағайындау,
Жоғары қарай