Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау гарнизонының сарбаздары Абай шыңына ту тікті

2020 жылдың 26 қыркүйек 2020 15:51

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – ҚР ҚК Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері4010 метр биіктікте Іле Алатауы жотасының сілемінде орналасқан Абай шыңына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция қазақтың ұлы ойшылы, жазушы және қоғам қайраткері Абайдың мерейтойына орайластырылды.

Жарысқа қатысушылар маршрут бойынша қозғалысты «Тұйықсу қақпасы» базалық лагерінен бастады. Әскери қызметшілер күрделі

сейсмикалық қауіпті учаскелер мен жартастарды еңсеру барысында жауынгерлік машықтары мен шеберліктерін көрсетті. Топ құрамында алғаш рет осы биіктікті бағындырған альпинистер де болды.

Әскери қызметшілер шыңды бағындырғаннан кейін оған Қазақстан Республикасының туын тікті. Сондай-ақ, шың басына Қарулы Күштер атынан ескерткіш мәрмәр тақтасы орнатылды.














Жоғары қарай