Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырау қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

2020 жылдың 11 шілде 2020 00:25

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып Самат Емберген тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 1979 жылы туған. 2000 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығын, ал 2007 жылы «Заңгер» мамандығын алған.

2005 жылдан бері мемлекеттік қызметте істеп келеді. Осы тағайындауға дейін Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болды.

Атырау қаласы әкімiнiң бұрынғы орынбасары Ұлықбек Тiнәлиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметiнен өз еркімен босатылған.


Жоғары қарай