Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау қаласында карантин шектеуі күшейтіледі

2021 жылдың 31 шілде 2021 13:19

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында карантиндік шектеу күшейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Қанат Ғайнеденовтің жаңа қаулысында айтылған.

«Сауда үйлері мен СОО (павильондар, бутиктер), сауда желілері – «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары сағат 22.00-ге дейін (толтырылуы 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес есеппен объектінің сыйымдылығының 30%-ынан аспайды) жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады» -делінген қаулыда.

«Ashyq» жобасына қатысатын азық-түлік сататын жабық базарлардың және азық-түліктік емес жабық және азық-түліктік емес ашық базарлар, азық-түлік сататын ашық базарлар жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істтейді.

Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілеріне, фудкорттарға, соның ішінде жазғы алаңқайларға, асханаларға​ тек жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына 22.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын, бір үстелде 4 адамнан артық отырғызбауды қамтамасыз етіп) жұмыс істеуге рұқсат етіліп отыр.

Бұл нысандарға сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынған.

Жаңа қаулы 2 тамыздан бастап күшіне енеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда сауда және ойын-сауық орталықтары сенбі, жексенбіде жұмыс істемейтінін хабарлаған едік.


Жоғары қарай