Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау кәсіпкері мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инватаксилер сыйлады

2021 жылдың 14 мамыр 2021 21:50

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жеке компания мүмкіндігі шектеулі жандар үшін екі инватакси сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұл көліктерді Қазақстандағы McDonalds компаниясы алып берген.

«Компанияның бас директоры Әсет Машанов​ Атырау қалалық әкімдігіне мүмкіндігі шектеулі​ жандарға​ арналған екі көліктің кілтін табыстады. «Volkswagen Crafter Kasten« маркалы шағын автобустар мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға пайдаланылады. Көліктер қажетті талаптар мен стандарттарға сәйкес келеді. Мұнда арбаларға арналған көтергіштер орнатылған. Ал көтеру – басқару пульттінің көмегімен атқарылады. Арнайы көліктер қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің теңгеріміне берілді», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Ведомство мәліметінше, Атырау қаласында МcDonalds мейрамханасының құрылысын салу үшін жер телімі бөлінген.


Жоғары қарай