Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау мен Әзербайжан арасындағы сыртқы сауда айналымы 4,8 млн долларға жетті

2022 жылдың 13 мамыр 2022 19:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Атырау облысы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы сыртқы сауда айналымы 4,8 млн долларға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов пен Әзербайжан Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Эльмар Маммадовтың кездесуінде белгілі болды.

Кездесуде экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту, бірнеше салада алыс-берісті артыру, өңіраралық кәсіпкерлікті дамыту мәселесі талқыланды.

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, Әзербайжан Республикасы Атырау облысының сыртқы сауда байланысында маңызды роль атқарып отыр. Биылғы жыл басынан бері Атырау облысы мен Әзербайжан Республикасы арасында сыртқы сауда айналымы 4,8 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорттың үлесі 462,2 мың АҚШ долларына, ал, импорт 4,3 миллион АҚШ долларына жеткен.

«Қазір Атырау облысының көлік, азық-түлік, көтерме сауда саласында Әзербайжан Республикасының капиталы салынған 90 кәсіпорын жұмыс істейді. Біз мұндай іскерлік байланысты жандандыра түсіп, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа форматын іздестіруіміз қажет. Бұл экономикалық, іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді», -деді СЕрік Шәпкенов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында Өзбекстанның 91 кәсіпорны жұмыс істейтінін хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай