Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау мен Талдықорғанда ауа сапасы нашарлайды

2021 жылдың 17 маусым 2021 03:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 маусым күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы тек Атырау мен Талдықорғанда болжанады. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Басты сөздер: Қазгидромет, Экология,
Жоғары қарай