Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары аяқталды

2021 жылдың 1 мамыр 2021 13:11

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«28 сәуірде «Атырау МӨЗ» ЖШС-да жөндеу жұмыстары жүргізіліп болғаннан кейін барлық қондырғылар технологиялық режимге шығарылды.

Жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесінде жоғары октанды бензин өндірісінің көлемі тәулігіне 4 мың тоннаға дейін, яғни 2 есеге артты», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, мамыр айында Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты ««ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-нда күрделі жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр.

«29 сәуірдегі жағдай бойынша мұнай өнімдерінің жиынтық қоры қолайлы деңгейде, яғни бензин 267,0 мың тонна, ал дизель отыны 335,3 мың тонна, аталған жағдай тапшылықтың жоқтығын және ішкі нарықтың қажеттіліктеріне арналған ЖЖМ көлемі «ПКОП» ЖШС жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезде де жеткілікті мөлшерде болатындығын көрсетеді», - деді министрліктен.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 12 сәуірде Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Атырау мұнай өңдеу зауытын сәуір айының соңына қара іске қосу жоспарланып отырғанын айтты.

«Аталған көрсеткіштердің төмендеу себептері ағымдағы жылдың қаңтар айында Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясын жеткізуде пайда болған іркіліске байланысты. Бұл технологиялық қондырғылардың (каталитикалық крекинг және онымен байланысты қондырғылар, каталитикалық риформинг, бензин мен дизельді гидротазалау, күкірт өндіру қондырғыларының) авариялық тоқтауына әкелді, соның салдарынан жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындады», - деді Н. Ноғаев.


Жоғары қарай