Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау мұнай өңдеу зауытының 700 қызметкері вакцина салдырды

2021 жылдың 21 мамыр 2021 17:25

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытының 700-ден астам қызметкері вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АМӨЗ» ЖШС-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кәсіпоры мен мердігер мекемелердің 700-ден астам қызметкері «Спутник V» вакцинасын салдырған. Бұл – кәсіпорын қызметкерлердің шамамен 30%-ы. Ал, 160 қызметкер вакцинаның ІІ компонентін алып отыр.

«Мен үнемі жұмыста боламын. Кәсіпорынның инженерлік-техникалық құрамымен, мердігер мекемелердің қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істеймін. Сондықтан, COVID-19 инфекциясына қарсы екпе салдырдым. Жаппай вакциналау ғана қауіпті вирустың таралуын тоқтатады. Вакцина жақындарымыздың денсаулығы мен өз қауіпсіздігімізге алаңдамай, қалыпты жұмыс кестесіне оралуға көмектесетініне сенемін» -дейді мұнайды терең өңдеу өндірісінің бастығы Абат Әбілхайыров.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында вакцина салдырған адамдар саны 44 мыңнан асқан болатын.


Жоғары қарай