Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырау облыстық ауруханасында 400 орындық инфекциялық стационар ашылады

2020 жылдың 29 маусым 2020 22:41

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облыстық ауруханасында 400 орындық инфекциялық стационар ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, медициналық мекеменің барлық бөлімі басқа ауруханаларға ауыстырылатын болады. Қазір облыстық ауруханада 120 провизорлық орын, кардиоорталықта 70 провизорлық кереует бар. Сондай-ақ, Геолог емханасында 100 провизорлық кереует дайындалуда.

«Қалалық және қала маңындағы емханаларда 267 провизорлық орын ашу жоспарлануда. Бұған қоса, біз облыстық ауруханадағы бөлімшелерді басқа медициналық мекемелерге ауыстырып, мұнда 400 орындық провизорлық стационар ашуды көздеп отырмыз», - деді Бақытгүл Хаменова.

Оның айтуынша, бүгінде Атырау облысында «пневмония» диагнозымен 321 науқас тіркелген. Оның 82,3 пайызы медициналық мекемелерге жатқызылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда ПТР-тест нәтижелері кешіктіріліп жатқанын хабарлап едік.


Жоғары қарай