Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 01:40

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда облыстық мәслихаттың І сессиясы өтіп, жаңа хатшы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сессияда облыстық мәслихаттың хатшысы лауазымына Әлібек Нәутиев сайланды. Ол бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған еді.

Сайлау қорытындысына сәйкес, VІІ шақырылымдағы облыстық мәслихаттан «Nur Оtan» партиясына – 25, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 3, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына 3 депутаттық мандат берілген.

Сондай-ақ, жергілікті мәслихат депутаттарының саны 134-тен 141-ге өсіп отыр.

Соның ішінде облыстық мәслихат депутаттарының саны 27-ден 31-ге, ал, Атырау қалалық мәслихатының депутаттары 19-дан 24-ке, Жылыой аудандық мәслихатының депутаттары 15-ке артқан.

«Сайлауалды бағдарламаны орындау мен жаңа реформаларды жүзеге асыру міндеттері тұр. Тұрғындарды толғандыратын мәселелерді шешудің жүйелі жоспарын жасақтап, тиімді жолдарын табуымыз қажет. Сондықтан, депутаттарды ел игілігі үшін бірлесе қызмет етуге шақырамын»,- деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

















Жоғары қарай