Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырау облысы дәрі-дәрмекпен 94 пайызға қамтылған - Ералы Тоғжанов

2020 жылдың 11 шілде 2020 02:34

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысы дәрі-дәрмекпен 94 пайызға қамтылған. Бұл туралы Атырау облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Алматы қаласына дәрі-дәрмектің бірінші рейсі келді. Енді екінші ұшақ келеді. Жеткізілген дәрі-дәрмектер бірінші кезекте коронавирус инфекциясын емдеуге бағытталған. Дәрі-дәрмектер ертең, арғы күндері барлық аймақтарға таратылады. Сенбі күні дәрі Делиден (Үндістан) жеткізіледі. Сондай ақ, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы Өзбекстаннан дәрі жеткізуді қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда Атырау облысында дәрі-дəрмекпен қамту 94 пайызды көрсетіп отыр. Бұл жағдай бақылауда болады», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысы коронавирус жұқтырудан көш бастап тұрғаны айтылған болатын.



Жоғары қарай