Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысы тұрғындарының алаңдауына еш негіз жоқ - әкімдік

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 21:38

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы тұрғындарының алаңдауына еш негіз жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, өңір тұрғындарының тыныс-тіршілігі қалыпты деңгейде өтіп жатыр.

«Облыста мекемелер мен кәсіпорындар қалыпты деңгейде жұмыс істеп тұр. Қоғамдық көліктер жолаушы тасымалдап жүр. Жайық өзенінің үстінен салынып, Атырау қаласын қос құрлықпен – Еуропа мен Азиямен жалғап тұрған барлық көпір мен көшелер толықтай ашық. Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер мен дәріханалар қалыпты режимде жұмысын жалғастырып, төтенше жағдай талабына сәйкес белгіленген уақытқа дейін еш кедергісіз жұмыс істейді. Тұрғындардың коменданттық сағаттан тыс мезгілде еркін жүруіне шектеу қойылған жоқ. Бүгіннен бастап ғаламтор желісі сағат 07:00-19:00 аралығында қосылып жатыр», -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысындағы Теңіз кен орнында күзет күшейтілгенін жазған едік.


Жоғары қарай