Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырау облысы Жылыой ауданына жаңа әкім тағайындалды

2020 жылдың 30 маусым 2020 05:05

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Жылыой ауданының әкімі болып Хәлел Жамалов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Жылыой ауданының бұрынғы әкімі Азамат Бекетке атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, жаңа әкімінің алдына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту бойынша бірқатар маңызды міндеттер жүктеді. Нақтырақ айтқанда, аймақ басшысы аудандағы жұмыспен қамту, тұрғын үй, сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандар салу және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне баса назар аударды.

Хәлел Жамалұлы 1962 жылы 15 тамызда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1985 жылы Алматыдағы В.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Мамандығы – инженер-механик.

Еңбек жолын 1985 жылы Оңтүстік-Ембі мұнай барлау экпедициясында дизелист болып бастаған. 1985-1989 жылдары Оңтүстік-Ембі мұнай барлау экпедициясында машинист, механик болып жұмыс істеген.

1989-1991 жылдары «Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестігінің Теңіз технологиялық көлік басқармасында МТҚ бөлімінің жетекші инженері, бөлім басшысы, бас инженер лауазымдарын атқарған.

1991-1999 жылдары аралығында коммерциялық кәсіпорын басшысы, бөлім басшысы, маркетинг бөлімінің бас менеджері болған.

2000-2002 жылдары «Горизонт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас менеджері, 2002-2004 жылдары «Бұрғылау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

2005 жылдың қаңтарынан бері «Горизонт» ЖШС бас менеджері. Жылыой аудандық мәслихатының 4, 5, 6 шақырылымдарына депутат болып сайланған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Ақылбек Рысқалиев Атырау облыстық мәдениет басқармасын басқаратынын хабарлап едік.



Жоғары қарай