Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысына QazVac вакцинасының 5 мың дозасы жеткізілді

2021 жылдың 29 қазан 2021 14:53

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысына QazVac вакцинасының 5 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, вакцина дозалары екпе бекеттеріне таратылған.

«Атырау облысының тұрғындары демалыс күндері де вакцина ектіре алады. Оның ішінде QаzVac вакцинасын да салдыруға болады. Covid-19 инфекциясына қарсы белсенділігі жойылған бұл вакцинаның 1 құтысына 1 доза құйылған. Қазір өңірдегі барлық емханада аталған вакцинаның 500-ден 1 000-ға дейінгі дозасы бар» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендегенін жазған едік.



Жоғары қарай