Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында 140 мыңнан астам адам вакцина салдырды

2021 жылдың 30 шілде 2021 13:35

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 140 мыңнан астам адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 29 шілдеде 1 151 атыраулық «Спутник V», «QazVac» вакциналарының I компонентін ектірген.

«Елімізде жаппай вакциналау басталған 1 ақпаннан 29 шілде аралығында 140 506 адам «Спутник V», «QazVac» вакциналарының I компонентін салдырды. Вакциналардың II компонентін алған адамдардың саны 93 256-ға жетті» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында вакцина салдырғандар саны 135 мыңнан асқанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай