Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында 2 тонна балық қырылды

2021 жылдың 10 мамыр 2021 16:17

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Құрманғазы ауданында 2 тонна қаракөз балығы қырылды. Бұл туралы Балық шаруашылығы комитеті ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері 9 мамырда рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Құрманғазы ауданының

Құрманғазы ауылынан шамамен 20 шақырым жерде Шарон өзенінен шыққан жыра аумағындағы қамыстар арасынан қаракөз балықтарының қырылу фактісі анықталды.

Аталған аумақта қырылған шамамен 2 тонна балық жергілікті атқарушы орган және Құрманғазы балық инспекциясының қызметкерлерімен жерге көму арқылы жойылатын болады. Қазіргі уақытта бұл жұмысқа ау құралдары, тарнспорт пен жұмысшы күші тартылуда», -делінген комитет таратқан ақпаратта.

Балықтардың қырылуына Шарон өзеніне өр суының кеш келуіне байланысты балық шабақтарының ағысқа қарсы жүзе алмауы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы мүдделі

мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар хабардар етілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 3 тоннадан астам балық құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілген олатын.

Жоғары қарай