Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырау облысында 236 түлек ҰБТ-ға келмей қалған

2020 жылдың 3 шілде 2020 20:59

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында 236 түлек Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға бармай қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, биыл Атырау облысында 3 102 түлек ҰБТ тапсырған. Оның ішінде мектептер мен колледждерді былтыр бітірген 816 түлек бар.

«ҰБТ сынағын тапсыруға 236 талапкер келмей қалды. Ұялы телефон мен шпаргалка алып келгені үшін 19 адам тестілеуге кіргізілген жоқ. Ал, 4 адам шпаргалка мен ұялы телефонды қолданғаны үшін аудиториядан шығарылды», - деп мәлім етті Ұлттық тестілеу орталығы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік уинверситетіндегі филиалының басшысы Айнагүл Дүйсекенова.

Оның айтуынша, тест тапсыру барысында ЖРВИ белгілері мен дене қызуы көтерілген талапкерлер тіркелмеген.

Қазақстанда ҰБТ тапсыру аяқталғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Аймақ, Атырау облысы, ҰБТ, Білім,
Жоғары қарай