Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырау облысында 278 медицина маманы жетіспейді

2020 жылдың 8 шілде 2020 14:46

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында 278 медицина маманы жетіспейді. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қазір өңірде өткір тұрған проблеманың бірі –медицина кадрларына тапшылық.

«Атырау облысында жалпы тәжірибелік дәрігерлер, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог, инфекционист және эпидемиолог сынды 278 маман жетіспейді», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тікелей эфирде өткен брифингте.

Атап өтілгендей, қазір медицина саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр.

Жоғары қарай