Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында 3 әуежай салынады

2021 жылдың 17 маусым 2021 01:21

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 3 әуежай салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаевтың айтуынша, жеңіл ұшақтар мен санитарлық авиацияны қабылдайтын әуежайлар Құрманғазы, Қызылқоға, Жылыой аудандарында ашылады.

«Нақтылай айтқанда, Құрманғазы ауданының Сүйіндік, Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылы мен Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында пайда болады. Үш әуежай «Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту және ықпалдастыру – 2020» бағдарламасы аясында салынады. Нысандардың техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды.

Алғашқы әуежайдың құрылысы Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылында. салынады. Оның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 72 миллион теңге қарастырылған» -дейді Қ.Нұртаев.


Жоғары қарай