Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Атырау облысында 30 жастағы жігіт суға батып кетті

2020 жылдың 5 маусым 2020 09:13

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Жылыой ауданындағы Жем өзеніне 30 жастағы жігіт батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға 4 маусымда Жылыой ауданында болған. Туысқандарымен бірге серуенге шыққан жігіт аудан орталығы –Құлсары қаласынан 10 шақырым жердегі Жем өзенінің жағасында демалған. Алайда, ол арнайы жабдықталмаған жерде шомылып, суға батып кеткен.

«Бұл туралы хабар Төтенше жағдайлар департаментіне 4 маусымда кешкі сағат 18:44-те түсті. Суға батқан жігітті іздестіруге жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылды. Сағат 19:55-те суға кеткен жігіттің денесі шығарылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Жоғары қарай