Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырау облысында 4 мың медицина маманы Covid-19-ды емдеу алгоритмін үйренеді

2020 жылдың 2 шілде 2020 03:00

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 4 мың медицина мамаманы Covid-19-ды емдеу алгоритмін үйренеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда облыста 4 мыңға жуық медицина маманы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда олардың барлығы да Covid-19 індеті бойынша, диагностикалау, тиісті мекемеге жолдау, емдеу алгоритмін үйреніп жатыр. Медицина мамандарының басым бөлігі стационарларда коронавируспен күреске жұмылдырылады»,-деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Нұрлыбек Қабдықапаров.

Ол жыл басынан бері 115 медицина маманының коронавирус жұқтырып, олардың 38-і дәрігер екендігін айтты. Өзгелері кіші және орта деңгейдегі қызмет көрсететін мамандар.

«Олар емделіп шыққан соң қайтадан өздерінің істеріне кіріседі. Яғни олар адам емдеумен айналысады»,-деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Виктор Сутягин


Жоғары қарай