Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында 41,4 млрд теңгенің экологиялық жобалары іске асырылады

2022 жылдың 19 қаңтар 2022 22:31

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 41,4 млрд теңгенің экологиялық жобалары іск асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқовтың мәліметінше, 2025 жылға дейін Атырау облысында экология мен қоршаған ортаны жақсарту үшін 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

«Атырау облысында экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі Жол картасы дайындалды. Жол картасында 40 түрлі бағыт бар. Соған сәйкес, алдағы 5 жыл бұл мақсатқа 41,4 млрд теңге қажет. Оның ішінде 27,5 млрд теңге республикалық бюджеттен, 4,5 млрд теңге жергілікті бюджеттен, ал 9,4 млрд теңге жеке инвестициядан бөлінеді», -дейді Нұрлан Жантоқов.

Оның айтуынша, экологиялық жобалар аясында «Сасық сай», «Квадрат» булану алаңдары қалпына келтіріледі. Сондай-ақ «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының булану алаңы мен Атырау қаласының оң жағалауындағы кәріз тазарту құрылыстарын қайта жаңарту секілді өзге де жобалар бар.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытында бірнеше қондырғының жұмысы 9 күнге тоқтайтынын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай