Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында адамдар көп жиналатын іс-шараларға тыйым салынды

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 22:28

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында адамдар көп жиналатын іс-шараларға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың «Атырау облысының карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» жаңа қаулысында айтылған.

«Облыс тұрғындарының алаңдарда, скверлерде, жағалауларда, саябақтарда және өзге де демалыс орындарында бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан астам топ болып жиналуына, ойын-сауық, салтанатты, еске алу, отбасылық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде өткізілетін іс-шараларға және «Ashyq» жобасына қатысушыларды есептегеменде, адамдар көп жиналатын іс-шараларға тыйым салынсын», -делінген құжатта.

Жаңа қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басышсының орынбасары Әлия Бекешева шектеулер алынғанымен, сақтық шараларын ұмытпау керектігін айтқан еді.


Жоғары қарай