Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында алдағы бес жылда 93 елді мекен жаңғыртылады

2022 жылдың 29 қаңтар 2022 17:30

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында алдағы бес жылда 93 елді мекен жаңғыртылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушовтың мәліметінше, жаңғырту жұмыстары Атырау облысының 2025 жылға дейінгі кешенді даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

«Біздің облыста 155 елді мекен бар. Алдағы бес жылда 93 елді мекенді жаңғырту жоспары түзілді. Жоспарға сәйкес, жыл сайын 16-17 елді мекен жаңғыртылады. Мәселен, бір ауылда спорт кешені болмауы мүмкін. Осындай мәселеге басымдық беріледі. Жаңғыртылатын елді мекендердегі медицина саласына қажетті ғимарат салу, жарық, газбен жабдықтау сынды мәселелерді бес жылда шешуді мақсат етіп отырмыз, -деп мәлім етті Нариман Таушов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 16 елді мекенде ауыз су желісі жүргізілетінін, сондай-ақ 2025 жылға дейін 48 мектеп салынатынын хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай