Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырау облысында блокпостар қойылмайды

2020 жылдың 11 шілде 2020 09:30

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында коронавирус инфекциясы өршіп тұрғанымен, блокпосттар қойлымайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәлім етуінше, эпидемиологиялық жағдай күрделенетін болса, қосымша қатаң шектеулер енгізілуі мүмкін .

«Облыс тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға, жауапкершілікті сезінуге шақырамын. Әлеуметтік қашықтықты және маска режимін сақтап, жеке гигиена туралы ұмытпаған жөн. Егер, жағдай одан әрі күрделенетін болса, біз карантин режимін қатаңдатуға мәжбүр болатындығымызды ескертемін. Мұны алдағы екі апта көрсетеді», - деді облыс әкімі.

Еске сала кетелік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Атырау облысы коронавирус жұқтырудан көш бастап тұрғанын хабарлаған еді.



Жоғары қарай