Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Атырау облысында екі полицей жол апатынан зардап шекті

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 17:12

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 2 полиция офицері жол-көлік оқиғасынан зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы бүгін түске дейін Атырау-Орал тасжолында, облыс орталығынан 15 шақырым қашықтықта болған.

«Toyota Hilux» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, «Volkswagen» маркалы патруль полициясының көлігімен соқтығысқан. Жол апаты болған жерде 2 полиция офицері мен «Toyota Hilux» жүргізушісі жарақат алды. Олардың барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиға орнында арнайы жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.


Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Жоғары қарай