Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында фермерді атып кетті

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 15:05

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында фермерді атып өлтірген күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қайғылы оқиға Исатай ауданында орын алған.

«Зинеден ауылының екі тұрғыны арасында өзара келіспеушілік болған. Ашуға бой алдырған 42 жастағы тұрғын аңшылық қарудан ауылдасына оқ атқан. 48 жастағы фермер оқиға орнында көз жұмған», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ауылдасын атып өлтірген тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда алаяқ әйел тұрғындарды жер әперемін деп алдағанын хабарлаған болатынбыз.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай