Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында халық санағынан өткендер саны 550 мыңнан асты

2021 жылдың 28 қазан 2021 09:40

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ұлттық халық санағынан өткендер 550 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушовтың айтуынша, санақ жүргізушілер бригадасында 703-ке жуық қызметкер тартылған.

Оның ішінде 594 интервьюер бар.

«Ұлттық халық санағын жүргізушілер күн сайын қиындыққа тап болады. Жеке сектордағы тұрғын үйлердің иелері есік ашпайды. Кейбірі байлаулы итін босатып жібереді. Ұлттық халық санағының мемлекеттік басқаруда шешуші рөл атқаратынын түсінуіміз қажет. Елімізде қанша адам тұрады? Мәселен, алдағы 10 жылда қанша балабақша мен мектеп салу керек? Қанша адам жұмыссыз жүр? Осындай сауалдарды зерделеу арқылы елдің даму стратегиясы жасалады», - дейді Нариман Таушов.

Оның мәліметіне сүйенсек, Атырау облысында бүгінге дейін 553 954 адам ұлттық халық санағынан өткені белгілі болды. Бұл облыс тұрғындарының жалпы санының 83,4 пайызын құрап отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында ұлттық халық санағынан 539 321 адам өткенін хабарлаған едік.


Жоғары қарай