Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында карантин режимі 1 айда 1378 рет бұзылған

2020 жылдың 6 тамыз 2020 07:16

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында 1378 адам карантин режимін бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше 5 шілдеден бері жүргізілген рейд шаралары кезінде 1378 карантин режимі талаптарының бұзылуы анықталған. Оның 700-ге жуығы Атырау қаласында тіркелген.

Сондай-ақ, Қызылқоға ауданының Сағыз ауылының бір тұрғыны, Жылыой ауданының орталығы –Құлсары қаласының екі тұрғыны той өткізген. Карантин талабын бұзғандар арасында қалаларалық жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан автобус жүргізушілері де бар.

«4 тамызда сағат 19.30 шамасында полицейлер «Атырау-Орал» тас жолының 9-шақырымында жолаушылар тасымалдайтын автобусты тоқтатты. Түркістан облысының 36 жастағы тұрғынының өзі басқаратын автобуспен «Атырау-Шымкент» бағытымен 30 жолаушымен жолға шыққаны анықталды. Карантин режимін бұзған жүргізушіге қатысты тиісті шешім қабылдау үшін Атырау қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдану үшін іс-құжаттар жинақталды. Ал, жүргізуші мен жолаушылары Атырауға қайтарылған болатын.

Алайда, арада бірнеше сағат өткен соң, аталған жүргізуші түн ішінде жолаушылармен Шымкентке бару үшін тағы да жолға шыққаны белгілі болды. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 667-бабымен (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, мамандандырылған сотқа жолданды» -деп департаменттің баспасөз қызметі.

Сол күні таң алдында Атырау қаласына кіреберісте «Шымкент-Атырау» бағытымен 26 жолаушыны әкеле жатқан тағы бір автобус анықталып, тоқтатылған. Көлік жүргізушісіне қатысты жинақталған құжаттар Атырау қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Атырау облысында карантин режимі енгізілген 5 шілдеден бері қалааралық жолаушылар тасымалдаған 5 автобус анықталған. Бұлардың барлығы да Атыраудан Шымкент қаласына жолаушылар апармақшы болған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудан Шымкентке жолаушы апармақ болған 2 автобус жүргізушісі ұсталған болған.

https://www.inform.kz/kz/atyraudan-shymkentke-zholaushy-aparmak-bolgan-2-avtobus-zhurgizushisi-ustaldy_a3677657


Жоғары қарай