Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырау облысында көлге түскен 51 жастағы азамат суға кетті

2020 жылдың 7 шілде 2020 03:12

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Жылыой ауданында көлге түскен 51 жастағы азамат суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін, 6 шілде сағат 10:22-де Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 10 шақырым қашықтағы Қамыскөл көлінде болған.

«1969 жылғы азамат Қамыскөл көлінің арнайы жабдықталмаған жерінде шомылып жүріп, судан шықпай қалған. Оны іздеуге жедел-құтқару жасағының 3 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды. Суға кеткен адамның денесі бір сағаттың ішінде табылып, жағаға шығарылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Департамент мамандары тұрғындарды су қоймаларының арнайы жабдықталмаған жерінде суға түсуден сақтандырып отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Сағыз өзенінде екі адам суға кеткенін жазған едік.


Жоғары қарай