Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар көбейді

2021 жылдың 21 шілде 2021 12:38

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандарсаны көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 шілдеде 348 адам қауіпті вирусқа шалдыққан.

«Соңғы тәулікте Атырау қаласында 212 науқас тіркелді. Теңіз кен орнында 34 жұмысшы індет жұқтырды. Жылыой ауданында 43, Құрманғазыда – 14, Исатайда – 13, Индерде – 11, Мақатта – 10, Махамбетте – 10, Қызылқоға ауданында 1 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылды», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Қазір өңірдегі инфекциялық стационарларда 1 105 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде аудандардағы стационарларда 271, №2 облыстық ауруханада 203, модульдік ауруханада 188, теміржол ауруханасында 107, кардиологиялық орталықта 101, фтизиопульманология орталығында 96 науқас бар.

Ал, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 139 пациент, өз үйінде емделу үшін 2 399 адам оқшауланған.

Еске сала кетелік, бұған дейін «қызыл» аймақтағы Атырауда 2 907 науқас коронавирустан емделіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай