Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында Құрбан айт күні вакцина алуға болады

2021 жылдың 20 шілде 2021 03:32

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Құрбан айт күні вакцина алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, ақпан айынан бері коронавирусқа қарсы вакциналардың I компонентіне арналған 141 200 доза әкелінген. Осы кезге дейін тұрғындар оның 128 376 дозасы немесе 91%-ы салдырған.

Вакциналардың кезекті партиясы 22 шілдеде жеткізіледі деп күтіліп отыр.

«Өңірдегі эпидемиялық жағдай құбылмалы болып тұр. Сондықтан барлық екпе бекеттері демалыссыз және мереке күндері де жұмыс істейді. Өйткені, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін өңір тұрғындарының шамамен 60%-ы вакцина алуы керек», - дейді Асхан Байдуәлиев.

Оның мәліметінше, қазір облыста 41 екпе бекеті жұмыс істейді. Оның ішінде 10 жылжымалы бекет бар.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 121 мыңнан астам адам вакцина салдырғанын хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай