Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында құжаты жоқ 12 адам анықталды

2020 жылдың 20 қазан 2020 11:44

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында азаматтығын анықтайтын құжаты жоқ 12 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі С.Сейітжанов пен Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюро директорының

орынбасары Д.Дживаганың қатысуымен өткен брифингте мәлім болды.

Министрлік өкілінің айтуынша, КСРО кезеңінен бері құжаттандырылмаған немесе жеке басын куәландыратын құжаты жоқ, төлқұжатын алмастырмаған азаматтарды анықтап, құжаттандыруға бағытталған республикалық акция өткізіліп жатыр.

«Атырау облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы аталған акция

кезінде 12 тұлғаны анықтады. Оның ішінде ҚР азаматтығын айқындайтын құжаттарсыз,

яғни КСРО төлқұжатымен жүрген 3, ҚР азаматтығына жататындығын басқа құжаттармен айқындайтын құжаттарсыз - 3, ҚР азаматтығынан шығуына байланысты азаматтығы жоқ адам деп танылған - 1, шет мемлекеттің азаматтығынан шығуына байланысты азаматтығы жоқ адам деп танылған 6 тұлға бар» -деп хабарлады ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі С.Сейітжанов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда құқық бұзған 50 шетелдік елден шығарылғанын хабарлап едік.



Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Қоғам, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай