Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында мектептерде сабақ өткізудің 2 форматы ұсынылды – қаулы

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 21:10

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 600 оқушысы бар мектептерде сабақ штаттық режимде өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың бүгінгі қаулысына сәйкес, мектептерде сабақ өткізудің екі форматы ұсынылып отыр.

Мәселен, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмысын штаттық режимде жалғастырады. Алайда, ата-аналардың өтініші ескеріледі. Қосымша білім беру ұйымдары, білім беру орталықтары да штаттық режимде жұмыс істейді.

Ал, 600-ге дейін оқушы оқитын мектептерде, өзге білім ордаларының 1-4 сыныптарында сабақ штаттық режимде өткізе береді. Сондай-ақ, мұндай оқу форматы халықаралық мектептердегі 1-6 сыныптарда қолданылады. Оқушы саны 600-ден асатын мектептерге сабақты жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық режимде өткізу ұсынылған.

Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін аралас форматта оқытылады. Барлық дәрістер онлайн, практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практикалар икемді кесте бойынша штаттық режимде өтеді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басышсының орынбасары Әлия Бекешева шектеулер алынғанымен, сақтық шараларын ұмытпау керектігін хабарлаған болатын.


Жоғары қарай