Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,5 трлн теңгеге жуықтады

2020 жылдың 8 тамыз 2020 14:20

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,5 трлн теңгеге жуықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, мұнайлы өңірде өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2 трлн 467 млрд теңгеге жеткен. ⠀

«Соның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 2 трлн 200 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Ал, өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 267 млрд теңгеге жетті. Аталған көрсеткіштің республика көлеміндегі үлесі 20 пайызды құрайды», - деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, облыста 25 млн тонна мұнай мен 13 миллиард текше метрге жуық ілеспе газ өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, сәйкесінше, 107 және 110 пайызды құрап отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау әкімдігі форум-семинар өткізуден бас тартып, 4 млрд теңгені үнемдеген еді.




Жоғары қарай