Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында өз ісін талапқа сай орындамаған кәсіпорынға қомақты айыппұл салынды

2020 жылдың 7 тамыз 2020 11:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау облысында бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарын орындамағаны үшін «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-не 4 444 800 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-сін әкімшілік жауапқа тартып, бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде немесе 4 444 800 (төрт миллион төрт жүз төрт мың сегіз жүз) теңге айыппұл салды.

«Магистральдық Суағызғысы»» ЖШС-і «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 15) тармақшасындағы міндеттемелерін орындамағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

«Атап айтқанда, «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-ы суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру қызметіне бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарының бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшердің 5 пайызынан астамын орындамаған»,-делінген хабарламада.


Жоғары қарай