Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында пәтер тонаған 8 күдікті ұсталды

2021 жылдың 20 мамыр 2021 18:40

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында пәтер тонаған 8 күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті мәліметінше, 19-21 мамырда Атырау облысы аумағында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген. Мақсат – пәтер ұрлығын жасауға қатысы бар күдіктілерді анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту.

«Қауіпсіз аула» жобасының шеңберінде көп қабатты үйлердің кіреберісіне бейнебақылау камераларын орнату үшін ПИК-термен байланыс ұйымдастырылып жатыр. Іс-шара кезінде облыста өткен жылдары жасалған 4, бұрын болған пәтер тонауға қатысты 3 ұрлық ашылды. Пәтер ұрлығы қылмысын жасаған 8 күдікті ұсталды. Оның біреуі осы кезге дейін іздестіруде болған», - дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 15 пәтерді тонаған күдіктілер ұсталған

болатын.


Жоғары қарай