Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында ревакциналаудан өткендер саны 1673 адамға жетті

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 23:06

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ревакциналаудан өткендер саны 1 673 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, 1 ақпаннан бері коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін 252 811 адам ектірген. Оның ішінде 233 559 адам ІІ компонентті салдырған.

«Атырау облысының тұрғындарына қайта вакциналаудан өтудің маңызы туралы ақпараттық түсіндіру жұмысы жанданды. Ревакциналаудан өтетіндердің тізіміне 1-28 ақпан аралығында «Спутник – V» вакцинасын алған 2 286 адам енгізілді. Қайта вакциналау 23 қарашада басталған еді. Содан бері медицина, құқық қорғау органдарының, арнайы мекемелердің қызметкерлері, педагогтер мен полицейлер, студенттер мен мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ созылмалы сырқатымен есепте тұрған пациенттер енген 8 санаттағы 1 673 адам қайта вакциналаудан өтті», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жыл соңына дейін 15 мың адам ревакцинациядан өтетінін жазған болатынбыз.


Жоғары қарай