Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында Рfizer вакцинасын 972 адам салдырды

2021 жылдың 8 желтоқсан 2021 15:24

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Рfizer вакцинасын 972 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, биылғы 1 ақпаннан бері коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың І компонентін алғандар саны 251 955 адамға жеткен. Ал, 232 772 адам вакциналардың ІІ компонентін ектірген.

«Атырау облысында Рfizer вакцинасын алатын 12 мен 18 жас аралығындағы балалар саны 63 138 адамды құрайды. Ал, бала емізетін және жүкті әйелдер саны – 35 362. Бұл вакцина егу үшін 32 760 дозасы жеткізілді. Вакцина салу 20 қарашада басталды. Содан бері бала емізетін 484 ана мен 51 жүкті әйел, 12-18 жастағы 437 жасөспірім Рfizer вакцинасын ектірді», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында Рfizer вакцинасын 776 адам салдырғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай