Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді

2021 жылдың 23 қаңтар 2021 20:36

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі өңірлік комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комиссия отырысында «Transparency International» ұйымының Қазақстандағы өкілдігі жүргізген «2020 жылғы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің мониторингі» зерттеуінің нәтижелері жарияланып, Атырау облысындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі мен алдын алу шаралары қаралды.

«Transparency International» ұйымының Қазақстандағы сарапшылары қалалар, облыстар

мен және аудандарда 9 000 респондентпен сауалнама жүргізіп, «ашық диалог» порталына

түскен 1 347 өтінішті зерттеген.

«Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері мемлекеттік органдарға жүгінген

кезде сыбайлас жемқорлыққа тап болған адамдардың үлесі 2019 жылмен салыстырғанда

2,1%-ға төмендегенін көрсетті», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов.

«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Альфия Әдиеваның мәліметінше, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 72 ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізілген.

«Тұрғындардың біліктілігін арттыру бағытында электрондық қызметтер бойынша оқыту бейнероликтерін әзірлеу, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысындағы терможаңғырту жүйесін цифрландыру, яғни арнайы сайт жасау қажет», -деді ол.

Махамбет Досмұхамбетов өңірде жемқорлық деңгейінің төмендегеніне қарамастан, аталған індеттің алдын алу үшін құзырлы сала қызметкерлері жұмысты әлі де күшейту қажеттігіне тоқталды. Осыған орай тиісті лауазым иелеріне бірқатар тапсырма берді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті –азаматтарға қолжетімді қызмет көрсету екендігін айтқан еді.



Жоғары қарай