Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында жер сілкінді деген жалған ақпарат тарады

2021 жылдың 20 қазан 2021 14:09

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жер сілкінді деген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше, 19 қазанда WhatsApp мессенджерінде сағат 12:21-де Жылыой ауданындағы Құлсары қаласының маңындағы 23 шақырым тереңде тербелісі 3,9 балл Каспий маңындағы жер сілкінісі туралы ақпарат тараған.

Бұл деректі Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жоққа шығарды.

«Облыстық төтенше жағадайлар департаменті барлық желіде тиісті тексеру жүргізді. Департамент кезекшісінің мәліметінше, 19 қазанда Құлсары қаласы маңында жер сілкінісі болғаны туралы таратылған ақпарат расталмады» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай