Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында ЖИТС инфекциясын жұқтырған 400 адам есепте тұр

2021 жылдың 15 қараша 2021 22:34

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ЖИТС инфекциясын жұқтырған 400 адам есепте тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Ж.Төлемісованың айтуынша, індет есептегі адамдардың 80 пайызына жыныстық қатынас арқылы жұққан.

«Қазір Атырау облысында ЖИТС инфекциясын жұқтырған 400 адам есепте тұр. Оның ішінде Атырау қаласында 284, Жылыой ауданында 13, Құрманғазыда – 7, Индерде – 6, Махамбетте – 6, Қызылқоғада – 2, Мақатта – 2, Исатай ауданында 1 адам бар. Биылғы жыл басынан бері осындай дерт 32 адамнан анықталып отыр. Бұл өткен жылғыдан 14 адамға артық. Індетті жұқтырғандардың арасындағы шетелдіктердің саны – 79 адам» -дейді Ж.Төлемісова.

Оның айтуынша, ЖИТС инфекциясына шалдыққандардың 187-сі (58,2%) – ер адам, ал, 134-і (41,7%) – әйел. Оның ішінде 19 жасқа дейінгі 11 (3,4%), 20-39 жастағы 218 (68,3%), 40-62 жас аралығындағы 92 (28,6%) адам вируспен күресіп келеді.

«ЖИТС індетіне шалдыққандардың әлеуметтік санатына тоқталар болсақ, 116 адам жұмыс істеп жүр. Ал, 173 еңбекпен қамтылмаған. Алтауы – мектеп жасындағы оқушылар мен студент. Екі адам әскери қызметкер болса, біреуі – зейнеткер» -деп мәлім етті Ж.Төлемісова.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жеті айда 23 адам АИТВ инфекциясын жұқтырғанын жазған едік.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Медицина, Атырау облысы,
Жоғары қарай