Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында жол апатынан 5 адам мерт болды

2022 жылдың 28 қаңтар 2022 21:16

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жол апатынан 5 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік апаты бүгін, 28 қаңтарда сағат 16:00 шамасында болған.

Атырау облысының Доссор кентінен Маңғыстау өңіріндегі Бейнеу ауданы бағытына қатынайтын тас жолдың 71-шақырымында екі көлік соқтығысқан. Оның бірі – Өзбекстан Республикасында тіркелген «MAN» маркалы жүк тасымалдайтын, ал, екіншісі – Алматы облысының тұрғынына тиесілі «Toyota Camry» маркалы жеңіл көлік.

«Жол-көлік апатының салдарынан «Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Көз жұмғандардың екеуі – кәмелет жасына толмаған жасөспірім», -деп мәлім етті баспасөз қзыметінен.

Қазір аолицей қызметкерлері жол-көлік апатын болған орнында тергеп-тексеру амалдарын жүргізуді бастады.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудағы жол апатынан бір адам мерт болып, екеуі ауруханаға түскенін жазған едік.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға, Көлік,
Жоғары қарай