Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болды

2021 жылдың 23 қаңтар 2021 20:59

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жол апатынан жүргізуші мен кішкентай бала мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, 23 қаңтарда сағат 11:00 шамасында «Атырау-Индер» жолында «Granta» мен «KIA RIO» көліктері соқтығысқан. Жол апатынан көлік жүргізушісінің бірі мен кішкентай бала көз жұмған.

Көліктегі жолаушының бірі 18 жастағы бозбала ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жеңіл көлік аударылып, екі адам мерт болған еді.



Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Көлік, Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай