Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында жолаушылар пойызы мотоцикл мінген ер адамды қағып кетті

2022 жылдың 17 мамыр 2022 15:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысында жолаушылар пойызы мотоцикл мінген ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқиға 16 мамыр күні Құлсары – Бейнеу аралығында болды. Сағат 17.50-де күзетілмейтін реттелетін өткелде мотоцикл мінген ер адамды Атырау-Маңғыстау бағытында жүретін №314 жолаушылар пойызы қағып кеткен.

Ер адам Құлсары қаласындағы ауруханаға жеткізілгенімен, сонда көз жұмды. ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады.

«Аталған дерек Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақтауда жоғалып кеткен сарбаздың үш күннен кейін табылғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай